skybeach@khanshatyr.com
Мекенжай: Астана қ., Туран 37 көшесі
KZ

Sky Beach Club келу ережелері

1.  Кіру билетін сатып алу алдында келісім-шарттан және (немесе) Қоғамдық келісім-шарттың осы үзінділермен мұқият танысуыңызды өтінеміз. «Sky Beach Club»-ке кіру билетінің құнын төлеп, сіз Қоғамдық келісім-шартпен, сондай-ақ су аттракциондарын, бассейндерді пайдалану Қағидаларымен (бұдан әрі-Қағидалар) танысқаныңызды және келіскеніңізді растайсыз және оларды «Sky Beach Club» аумағында болған кезде мүлтіксіз сақтауға міндеттенесіз. Қоғамдық келісім-шарттағы осы үзінділермен және (немесе) Қоғамдық келісім-шартпен және (немесе) Қағидалармен таныспау сізді оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

2.  Жеке гигиена қағидаларын сақтаңыз. Бассейнге кірер алдында, сондай-ақ саунаға барғаннан кейін келуші душ қабылдауға міндетті.

3.  Бассейндерде тек шомылу костюмдерінде жүзуге болады. Кішкентай балалар арнайы дайперстер кию керек.

4.  Бассейн аумағына ауысымды аяқ киімде ғана кіруге болады .

5.  16 жасқа дейінгі Келушілердің қауіпсіздігі мен мінез-құлқына оларды алып жүретін ересектер жауапты болады. 16 жастан 18 жасқа дейінгі Келушілердің қауіпсіздігі мен мінез-құлқына «Sky Beach Club» баруға нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін берген олардың заңды өкілдері жауап береді.

6.  Топтағы балалармен «Sky Beach Club» жағажай клубына бару:

1) 9 жасқа дейінгі келушілерге әрбір 5 балаға кәмелетке толған бір еріп жүрушінің қатысу талабы;

2) 9 жастан 16 жасқа дейінгі келушілерге әрбір 10 балаға кәмелетке толған бір еріп жүрушінің қатысу талабы.

7.  Бойы 150 см дейінгі биіктікке дейін «Sky Beach Club» -ге келушілер бассейнде жеңдегі немесе құтқару кеудешелерінде болуы тиіс.

8.  Бассейнге сүңгуге, тынысыңызды су астында ұстауға, бассейннен су ішуге, бассейннің ернеуінен құлауға, басқа Келушінің иығында тұруға, біреуді су астында ұстауға тыйым салынады.

9.  «Sky Beach Club» аумағында жүгіруге, жүгіруден суға секіруге, күресуге, тастарға шығуға, дауыстап айқайлауға, өзін-өзі тәртіпсіз ұстауға, басқа Келушілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін бұзатын басқа да сөздерді қолдануға тыйым салынады.

10.  Жүзе алмайтын Келушілер суда жүзе алатын ересек Келушінің ілесіп жүруімен болуы және одан қол созылған қашықтықта болуы тиіс.

11.  «Sky Beach Club» әкімшілігі келушінің Қоғамдық келісім-шартының және (немесе) Қағидалардың талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау салдарынан алған жарақаттары мен өзге де зақымданулары үшін жауапты емес.

12.  «Sky Beach Club» әкімшілігі жүкті әйелдерге, жүрек аурулары бар адамдарға, хлорланған суға сезімтал адамдарға, мас күйдегі адамдарға, жақында жарақат алған адамдарға су аттракциондарына барудан бас тартуды ұсынады.

13.  Келушілер «Sky Beach Club» бару кезінде денсаулыққа әсер етуі мүмкін созылмалы аурулар, аллергиялар және басқа да аурулар туралы хабардар етуге міндетті.

14.  "Sky Beach Club" әкімшілігі жұқпалы, жіті вирустық, грибок ауруларымен, ашық жарақатымен және жағымсыз зардаптарға әкеп соғуы мүмкін кез келген басқа да аурулармен ауыратын тұлғаларға қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.

15.  Бассейндерді құтқарушылар бақылайды. Келушілер құтқарушылар командасын орындауға міндетті.

16.  «Sky Веасһ Club» әкімшілігі Қоғамдық келісім-шартының және (немесе) «Sky Веасһ Club» аумағынан Қағидаларының талаптарын сақтамаған Келушілерді кіру құнын қайтарусыз алып тастауға құқылы.

17.  «Sky Веасһ Club» әкімшілігі «Sky Beach Club» аумағында қалдырылған және (немесе) жоғалған заттар үшін жауапты емес. Құнды заттарды арнайы сақтау камерасында шешінетін орын-жайда қалдыру керек.

18.  «Sky Beach Club» аумағына Келушілерге өзімен бірге жануарларды, аудиоаппаратураны және басқа да шу көздерін, қару-жарақ пен жеке қорғану құралдарының барлық түрлерін, шанышатын-кесетін заттарды, жарылыс қаупі бар, тез тұтанатын, уландыратын, қатты иісі бар заттарды, шыныдан жасалған заттарды және басқа да нәзік заттарды әкелуге тыйым салынады.

19.  «Sky Beach Club» әкімшілігі Келушілерді алдын ала ескертусіз бір жақты тәртіпте «Sky Beach Club» бару уақытын, сондай-ақ ұсынылатын қызметтер тізімін және оларды ұсыну тәртібін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

20.  «Sky Beach Club» жұмыс тәртібі - күн сайын Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін.