Бірегей «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы күмбезінің астында Орталық Азиядағы алтын түсті құмдары мен тропикалық өсімдіктері бар жалғыз жабық аквасаябақ орналасқан, онда нағыз теңіз жағалауының атмосферасы орнаған. SkybeachClub жағажайының микроклиматы ерекше кондициялау жүйесінің арқасында нағыз теңіз климатына пара-пар келеді, сондықтан мұндағы жаз ешқашан таусылмайды. Шытырманға толы жұмыс күнінен кейін Sky beach Club жағажайында жақсылап демалу Сізге жан үйлесімділігін, ерекше рақат пен оң көңіл-күй сыйлайды. Sky beach Club Сіздерге отбасы, туған-туысқандар және достарыңызбен бірге ұмтылмас бақытты сәттер кешуді ұсынады!

Sky beach Club–шаттық әлеміне бой ұсынып, жеңілдікті сезініп, ұмтылмас сәттердің рақатын көруге болатын орын.

Sky Beach Club жаңа жағажай маусымының ашылғандығын еске салып, тұрақты қонақтарға клуб карталарын ұсынады. Сондай-ақ Сіздің жақын адамыңызға жағымды сыйлық бола алатын сыйлық сертификатын сатып алуға болады.

Су төбешіктері, толқынды бассейн, жағажай волейболы мен басқа ойындарға арналған алаңдар белсенді демалудың әуесқойларын біршама қуантады. Финдік сауна мен жағажай көрінісі бар джакузи бой жазып, күш жинауға көмегін тигізеді. Біздің тропикалық жұмақжайымызда салтанаттыіс-шараларды – неке тіркеу, туған күндер, презентациялар мен кешкі сауықтарды өткізуге болады.

Қызметтер
Сулы тау, толқынды бассейн, жағажай волейболына арналған алаңшықтар, белсенді демалыс әуесқойларын қуантады. Фин саунасы және джакузи, жағажай көрінісі демалуға септігін тигізеді. Тропикалық жағажайда мерекелік іс-шараларды: некені тіркеу, туған күндер, презентациялар, кешкі мерекелер ұйымдастыруға болады.
Әрбір қонаққа бір сүлгі ақысыз беріледі. қосымша сүлгі, халат, шәрке – бір кісіге 500 теңгеден жалға беріледі.
Жаңалықтар
Бақытты сағаттар "Бақытты сағаттар" акциясы тек жұмыс күндері ғана сағат 10:00-ден 13:00 дейін өткізіледіі және кешкі 18:00-ден 21:00 дейін 50% жеңілдікпен кіруге болады. Акция сәуір және мамыр айларында әрекет етеді. 03.06.2015
×
Топтар Егер топпен демалуды жоспарласаңыздар, жеңілдік туралы ақпаратты алу үшін алдын ала бізбен байланысуыңызға болады. 04.06.2015
×
Адрес: г. Астана, ул. Туран 37
+ 7 (7172) 577-787
skybeach@khanshatyr.com